Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 52-63
Біліктілікті арттыру процесінде білім беру мекемесі басшысының құқықтық құзыреттілігін дамыту
Аннотация · Abstract
"Бұл мақалада білім беру мекемесі басшыларының құқықтық құзыреттілігін дамытудың өзектілігіне мән берілген. Педагогикалық тәжірибеде білім беру ұйымы басшысының құқықтық құзыреттілігін біліктілікті арттыру курстары арқылы дамытудың жеткілікті деңгейде дамымағандығы басты назарға алынып, мақаланың тақырыбын анықтауға себепші болды. Білім беру мекемесін басқаруда заң нормаларын теориялық тұрғыдан біліп қана қоймай, іс жүзінде қолдана білу аса маңызды болып табылады. Кейінгі жылдары елімізде білім беру саласында бірнеше заңнамалық актілер қабылданып, құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениеттілік деңгейі жоғары басшыларға деген қажеттілік арта түсті. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларын аттестациядан өткізуде де айтарлықтай өзгеріс орын алып, жаңа форматтағы аттестациялау барысында заңнаманы білу бағытына басымдық берілген. Орын алған іргелі өзгерістер мен реформалар білім беру мекемесін басқарудың бүгінгі мәселелеріне жауап бере алатын біліктілікті жетілдіру курстарына деген сұранысты қалыптастырды. Соның ішінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру барысында мектеп директорларының, олардың орынбасарларының құқықтық құзыреттілігін дамытуға баса көңіл бөлінбейтіндігі бұл тақырыптың өзектілігін аңғартады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ednk8122
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0