Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 155-167
М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ» ӘҢГІМЕСІ МЕН Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» РОМАНЫ БОЙЫНША САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті әйел образын жаңа қырынан суреттеген шығармаларға өте бай. Сондай шығармалардың қатарында қазақ әдебиеті тарихына жаңа леп әкелген «Шолпанның күнәсі» әңгімесі мен «Ұлпан» романы. Мақалада Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі мен Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романына салыстырмалы талдау жасалады. Талдау шығармалардың тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктеріне негізделеді. Ұлттың анасы, ұрпақтың тәрбиешісі, әулеттің аяулысы болған қазақ қыздарының тағдыры айрықша суреттеледі. Шығармалардың әсерлі сезім мен жан толғауы секілді әсер беретін ерекшелігі, кейіпкерлер бейнесінің, образының тосындығы, туындылардағы ақындық тіл, кейіпкер ойымен астасып кететін толғаныстар шығармалардың көркем табиғатын тануға жетелейді. Әр адамның ішкі жан дүниесі нәзік те терең сезімдерге толы. Сол сезімдерді оқырманға жеткізе білу – автордың шеберлігі. Ішкі сезім иірімдерін автор көбіне психологиялық жайттар арқылы жеткізеді. Сондай психологиялық детальдар оқырманның жан дүниесін, жүрегін елжіретпей қоймауы мүмкін емес. Сондықтан да бүгінгі мақаламыздың негізі болып отыраған қос туынды әйел адамының ішкі психологиясының көрінісі. Қазақ әдебиетінде елеулі орны бар классикалық шығармалар саналатын «Шолпанның күнәсі» мен «Ұлпан» туындыларында әйел психологиясы мен нәзік болмысы анық көрінеді. Қазақ әдебиетіндегі аналар галереясын жасаған Ғ. Мүсіреповтің Ұлпан образы мен сыршыл ақын Мағжанның Шолпаны арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Мақалада осы ерекшеліктер шығарма үзінділерімен талданады. Мағжанның «Шолпанның күнәсі» әңгімесі мен Ғабиттің «Ұлпан» романы – әйел жанының психологиялық қатпарларын ашу арқылы қазақ прозасына жаңа бағыттың бастауына жол берді. Кілтті сөздер: әйел бейнесі, ұрпақ жалғастығы, ана образы, қазақ әйелі, әдебиеттегі психологизм.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/edgo6589
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0