Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 1.2025, с. 262-273
ШАҒЫН ГИДРОЭЛЕКТРОСТАНЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ СИНХРОНДЫ ГЕНЕРАТОРЛАРДЫ ТАЛДАУДЫ КЕҢЕЙТУ
Аннотация · Abstract
Қазіргі заманғы экологиялық талаптарға жауап беретін баламалы энергия көзі ретінде шағын су энергетикасының артықшылықтары талқыланады. Электр энергиясының тәуелсіз көзі ретінде тек баяу ағып жатқан өзендерге арналған, тиімділігі жоғары шағын су электр станциясының жобасы ұсынылады. Шағын су электр станциясының жұмыс істеуі үшін қажетті құрылғылар мен жабдықтар сипатталған. Сонымен қатар экологиялық таза және тиімді энергия көздерін пайдалану қажеттілігі артуда, сондықтан гидроэнергетика саласы, оның ішінде шағын су электр станциялары (ШСЭС), ерекше маңызға ие. Бұл мақалада шағын су электр станцияларын қолданудың жаңа әдістері мен технологиялары, сондай-ақ синхронды генераторлардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін жүргізілетін талдау қарастырылады. Шағын ГЭС-тер табиғи су ағынын пайдаланып, экологиялық таза энергия өндіруге мүмкіндік береді, әрі олардың құрылымы мен жұмыс істеу ерекшеліктері су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған. Жаңа әдістер ретінде гибридті турбиналар, автоматтандырылған басқару жүйелері, энергия сақтау технологиялары мен экологиялық әсерді азайту әдістері енгізілуде. Сонымен қатар, синхронды генераторлардың тиімділігін арттыру үшін жаңа материалдар мен технологиялар қолданылуда, олар гидроэлектростанциялардың тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл мақала шағын су электр станциялары мен синхронды генераторлардың болашағын талқылап, осы саланың дамуына ықпал ететін жаңа тәсілдер мен ғылыми жетістіктерді көрсетуге бағытталған. Кілтті сөздер: Жаңартылған, тиімділік, генератор, шағын, энергия.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/eafc7528
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0