Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 1,2024, с. 247-259

COMMON RAIL ОТЫН БҮРКУ ЖҮЙЕСІМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДАҒЫ БҮРКУ ЖӘНЕ ЖАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ДИАГНОСТИКАСЫ

А. Б. Забиева, Б. Б. Тогизбаева, Ж. Р. Алипбаев

Аннотация · Abstract

Пайдаланылған газ компоненттерінің шығарындыларын шектейтін стандарттар енгізілмес бұрын, тартқыштарды, серіппелерді, жұдырықшаларды және рычагтарды қолданатын қозғалтқышты басқару жүйелері механикалық болған. Мұндай басқарудың сапасы жанармай бүрку және жану процесінде басқару параметрлерінің қажетті қайталануын қамтамасыз етпеді. Пайдаланылған газдың компоненттерінің шығарындыларын шектейтін стандарттар енгізілгеннен кейін, жоғарыда аталған қозғалтқышты басқару жүйелері талаптарға сай бола алмады. Компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық жасақтаманың дамуымен механикалық реттеуді электронды басқару жүйелеріне ауыстыру мүмкіндігі пайда болды. Дәл осы компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы сынақ нәтижелерінің жеткілікті дәлдігі мен қайталануымен қозғалтқыштардағы бүрку және жану процестерінің параметрлерін басқару жүйелерін жобалауға мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы электрондық дизельді басқару (EDC-electronical diesel control) басқару жүйесі, соңғы жылдары микропроцессорлардың есептеу қуатының артуына байланысты Common Rail бүрку жүйелерінің жоғары талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Common Rail жүйесі-дизельді қозғалтқыштарға отын бүрку саласындағы жоғары тиімді технология. Мақалада төрт тақырыптық деңгей саласындағы сұрақтар келтірілген: қозғалтқышты жобалау және жаңарту, оны пайдалану, агрегаттардың істен шығу себептерін анықтау мақсатында диагностика мәселелері және агрегаттарды жөндеу тиімділігін бағалаудың стендтік әдістері, сондай-ақ баламалы отын түрлері мәселелері. Кілтті сөздер: дизель, қозғалтқыш, бүрку процесі, жану процесі, диагностика, Common Rail.

Сведения · Details