Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 255-265
М. ӘУЕЗОВТІҢ «ҚАРАШ-ҚАРАШ ОҚИҒАСЫ» ПОВЕСІНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Зерттеу мақалада М. Әуезовтің «Қарашқараш оқиғасы» повесіне лингвомәдени талдау жасалды. Мақалада лингвомәдениеттанудың негізгі зерттеу нысаны саналатын лингвомәдени бірліктер қарастырылып, шығармадағы басты қызметі анықталды. Тілдік концептілерді құруда лингвомәдени бірліктердің маңыздылығы қарастырылды. Тіл білімінде қалыптасқан антропологиялық бағыттың ұлттың мәдени кодын танытатын лингвомәдени бірліктер негізінде байлық пен кедейлік концептісі зерттелді. Шығарма негізінде байлық және кедейлік концептісінің ассоциациялық өрісі құрылып, байлық пен кедейлік концептісін зерделеуде лингвомәдени бірліктердің тізбегі құрылды. Шығарма нарративті әдіс негізінде талданып, лингвомәдениеттану бойынша И. Айбарша, Б. Оспанова, В. Маслова пікірлері негізге алынды. Ж. Молдабеков пен Ж. Қошанова зерттеулері аясында қазақ қоғамындағы «байлық» жөніндегі түсініктің тарихи мәні ерекшеленді. Зерттеуде «байлық» концептісі мен «кедейлік» концептісі бинарлық оппозиция негізінде қарастырылып, позитивті және негативті жіктелісі жіктеліп қарастырылды. Қазақ қоғамындағы байлық, кедейлік жайындағы әлеуметтік, тарихи, прагматикалық түсініктер талданды. Авторлық позиция негізінде кейіпкерлер жүйесіндегі қайшылықтардың байлық пен кедейлік концептілерін нақтылаудағы негізгі қызметі айғақталды. Зерттеу мақалада К. Елубаева, К. Адайбекова, К. Абишева зерттеулері арқылы М. Әуезов шығармашылығындағы концепттің қолданылуы, маңыздылығы дәлелденіп, лингвомәдени бірліктердің негізгі қолданыс аясы айқындалған. Кілтті сөздер: лингвомәдени бірліктер, байлық концептісі, кедейлік концептісі, бинарлық оппозиция, концепт, авторлық позиция.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/dqza3029
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0