Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 2,2025, с. 181-193

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА КАДР ӘЛЕУЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Г. Е. Кабакова, А. Азимхан, Г. Н. Доғалова, М. Г. Қайырғалиева, Р. А. Есберген

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасының мұнай кәсіпорындарында кадрлық әлеуетті қалыптастыру және дамыту ерекшеліктері қарастырылады. Мұнайгаз кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі өндірістерді үнемі техникалық қайта жарақтандырумен ғана емес, сонымен қатар компанияның табысты даму факторы болып табылатын тиімді кадр саясатымен де анықталады. Ғылыми мақаланың мақсаты -Қазақстанның мұнай саласындағы кадрлық әлеуеттің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу, негізгі проблемаларды анықтау және салалық дамудың қазіргі заманғы сын-қатерлері мен басымдықтарын ескере отырып, оны нығайту бағыттарын ұсыну. Саланың кадрлық құрамының ағымдағы жай-күйі талданады, білікті мамандардың жетіспеушілігімен байланысты негізгі проблемалар анықталады. Мұнай секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың, білім беру мекемелерінің және персоналды даярлаудың корпоративтік бағдарламаларының рөліне ерекше назар аударылады. Елдің мұнай компанияларының бәсекеге қабілеттілігі мен технологиялық тұрақтылығын арттыру үшін қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіріледі. Авторлар қазіргі кездегі кадр тапшылығының себептерін, кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлау жүйесінің проблемаларын талдап, сонымен қатар, саладағы адами капиталды дамытуға бағытталған ұсыныстарды ұсынады. Зерттеу нәтижелері мұнай саласындағы кадр саясатын жетілдіруге бағытталған тиімді шешімдер қабылдауға септігін тигізуі мүмкін. Кілтті сөздер: кадр әлеуеті, мұнай өнеркәсібі, адам ресурстары, кәсіби оқыту, кадрлар даярлау, персоналды басқару

Сведения · Details