Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 142-157
ӘЗІЛ-ОСПАҚ ДИСКУРСЫ: ЗЕРТТЕЛУІ, АНЫҚТАМАСЫ, ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОҒАН ТӘН БЕЛГІЛЕР
Аннотация · Abstract
Мақала әзіл-оспақ дискурсын зерттеуге арналады. Зерттеудің өзектілігі қазақ тіл білімінде әзіл-оспақ дискурсының арнайы зерттеу нысаны болмағандығымен түсіндіріледі. Әзіл, сықақ, кекесін т.б. күлкі категориясына жататын ұғымдардың философия, психология, логика, әдебиеттану салалары бойынша жан-жақты қарастырылғаны белгілі. Дегенмен тіл білімінің антропоөзектік парадигмасы аясында әзіл-оспақ дискурсын зерттеу жалпыадамзаттық әмбебап сипаттар мен этникалық ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ғылыми жұмыста дискурс терминіне берілген анықтамаларға талдау жасалады. Әзіл-оспақ дискурсының шетелдік және отандық зерттеушілер тарапынан зерделенуі қарастырылады. Әзіл-оспақ дискурсы ұғымына берілген анықтамалар талдана келе, өзіндік тұжырым ұсынылады. Күлкі мен комедиялық ұғымдардың аражігі анықталады. Әзіл-оспақ дискурсының жанрлық жіктелуі сөйлеу актісі теориясы мен мәтінтану ілімі бойынша зерттеледі. Әзіл-оспақ дискурсының репрезентативті, декларативті, бағалау, коммуникативті, карикатуралық, фатикалық, референтті, аккумулятивті, конативті әзіл-оспақ жанрлары болатыны анықталады. Әзіл-оспақ дискурсына тән үш белгі ажыратылады: қарым-қатынасқа қатысушылардың байыпты әңгімеден бас тарту мақсатындағы коммуникативті ниеті; қарым-қатынастың әзіл-оспақ атмосферасы, яғни достық қарым-қатынаста еркін сөйлесу, қысылу, тартынудың болмауы және өзекті ұғымдарды жұмсақ түрде сыни тұрғыдан қайта қарауға деген ұмтылыс; осы лингвомәдени ортада қабылданған күлкі мінез-құлқының белгілі бір үлгілерінің болуы. Кілтті сөздер: әзіл-оспақ дискурсы, күлкі, әзіл, комедиялық, сөйлеу актісі жанрлары, әзіл-оспақ атмосферасы, күлкі мінез-құлқы, коммуникативті ниет.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/dqpy8624
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0