Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2022, № 1.2022, с. 159-170

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫҚ МӘТІНДЕР СИПАТЫ

Г. Төкенқызы, Б. К. Жумабекова, Н. З. Жуманбекова

Аннотация · Abstract

Мақалада Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі интертекстуалдық мәтіндердің табиғаты талданады. Зерттеуде ұлы ақын сөздерінің мағынасы, шығармаларындағы интермәтіннің сипаты ашылады. Интермәтін қазіргі кезде көркем, публицистикалық және жарнамалық мәтіндердің өзіндік ерекшелігіне айналуда. Фольклор үлгілері интермәтін ретінде талданады: фразеологизмдер, халық мақал-мәтелдері; прецеденттік атаулар прецеденттік мәтіндер ретінде қарастырылады ­ бұл поэтикалық шығармалар мен фольклордағы кейіпкерлердің аттары, метафоралар мен фразеологиялық бірліктер. Абайдың қара сөздеріндегі интермәтіннің поэтикалық табиғаты бірінші рет қарастырылып отыр. Интермәтіндік қолданыстар кейіпкерлерді суреттеуге, сипатталған оқиғаларға автордың көзқарасын білдіруге, автор ойын жеткізуге мүмкіндік береді. Интермәтіндерді тиімді қолдану шығарманың оқырманға әсер ету функциясының артуына ықпал ететіндігі расталды, өйткені ол оқырманның мәдени, тарихи білімін кеңейтеді және ұлттық кодты дамытуға ықпал етеді Прецеденттік атаулар қазақ мәдениеті, әдебиеті мен тарихында ерекше орын алады. Олар тарихи тұлғалар, мифтік образдар, яғни антропонимдердің ұлттық танымды, мәдениетті сақтауға мүмкіндік береді, яғни ұлттық мәдениет туралы білімнің қайнар көзі болып табылады. Ақын шығармалары мен аудармаларында тұрақты тіркестерді шебер қолданатындығы және жаңа өрнектер құрылымындағы өзгерістер, яғни арасына сөздердің қосылуы ақын поэзиясының ерекшелігі екендігі мысалдар арқылы талданады.

Сведения · Details