Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 67-79

ДЕТЕКТИВТІК МӘТІННІҢ ЖАНРЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (К. ТОҚАЕВТЫҢ «ТҮНДЕ АТЫЛҒАН ОҚ» ПОВЕСІ НЕГІЗІНДЕ)

Т. С. Ғабдрахман

Аннотация · Abstract

Мақалада детектив жанрындағы мәтіннің түзілуі, компоненттік ерекшеліктері зерттеледі. Зерттеу нысанына қазақ әдебиетінде осы жанрда алғаш шығармалар жазған Кемел Тоқаевтың шығармашылығы, оның ішінде «Түнде атылған оқ» повесі алынады. Жазушының детектив жанрында жазылған шығармалары қазақ әдебиетінде үлкен орын алады. Мақала мақсаты – қазақ детективтік прозасының жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Осыған орай детектив жанрының типологиялық белгілерін, құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін талдау міндеттері қойылды. «Түнде атылған оқ» повесінде криминалистік стильдің барлық элементтері қолданылады. Құпиялық, қылмыс, бүркеншік әрекет, тергеу, әшкере, күдік, сараптама, тыңшылық секілді элементтер мәтінде тұтас стиль түзіп тұрады. Классикалық детективтің кейіпкерлердің мінез-құлқының стереотиптілігі, тұлғалық қасиеттеріне қарағанда әлеуметтік рөлдерінің басымдығы, іс-әрекеттерінің стандартты мотивтері, сюжет құрылымының арнайы ережелері сияқты белгілі бір типологиялық белгілері көрініс табады. Тілдік айғақтар контекст құрамында берілді, себебі олардың мәні, мағынасы көбінесе контекст арқылы ашылатыны ескерілді. Зерттеу әдісі ретінде, негізінен, сипаттамалы әдіс қолданылды. Зерттеу нысаны көркем мәтін болғандықтан стилистикалық талдау, семантикалық талдау амалдары қолданылды. Мақала әдеби жанрдың зерттеушілері мен детективтік әдебиет оқырмандарын қызықтырып, сонымен қатар детектив жанры мен оның стиль ерекшеліктері туралы қосымша зерттеулерге негіз бола алады. Кілтті сөздер: детектив жанры, тілдік-стильдік қолданыстар, криминалистік стиль, сюжет, құрылым.

Сведения · Details