Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 3.2022, с. 359-368
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫЛАРЫНДАҒЫ КӘСІБИ СТРЕССТІҢ КӨРІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
"Бұл мақалада жоғары мектеп оқытушыларындағы кәсіби стресстің көріну ерекшеліктері докторлық диссертацияның тақырыбы аймағындағы эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Жоғары мектеп оқытушыларындағы кәсіби жанып кетуін тудыратын негізгі факторлар қарастырылған. Университет оқытушыларының гендерлік ерекшеліктері талданған. Оқытушылардың бойындағы пайда болған кәсіби стресске әлемді жайлаған пандемия ықпалының ерекшеліктері сипатталған. Т. В. Форманюктың оқытушылардың эмоционалды жануға әкелетін факторлары ұсынылған. Конроның стресске реакция типтерінің ерекшеліктері талданып, сипатталған. Эмоциялық стресске осал адамдардың сипаттамалары ұсынылған. Жоғары мектеп оқытушыларының күрделі ұйымдасқан аспектілері сипатталған. З. Есареваның жоғары оқу орын оқытушысына берген анықтамасы ұысынылған. З. Есареваның жоғары мектеп педагогының жұмысындағы баланс орнату теориясы талданған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жүргізілген зерттеме нәтижелері ұсынылған. В. В. Бойконың «Кәсіби жанып кету деңгейін бағалау» әдістемесі нәтижелері талданып, диаграмма түрінде ұсынылған. «Психожарақаттаушы жағдайларды бастан кешіру», «Өзімен қанағаттанбау», «Торға түсу», «Үрей және депрессия», «Қысым», «Адекватты емес таңдамалы эмоционалды реакция», «Эмоционалды-рухани дезориентация», «Эмоцияларды үнемдеу аймағының кеңеюі», «Кәсіби міндеттер редукциясы», «Резистенция», «Эмоционалды дефицит», «Эмоционалды шеттелу», «Тұлғалық шеттелілу», «Психосоматикалық және психовегетативті бұзылыстар», «Сарқылу» шкалалары бойынша салыстырмалы нәтижелер сипатталған. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/dlxr3047
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0