Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 48-59

"лингвистика және мәдениет ілімі: ғылыми тартыс пен қазіргі байлам "

Н. Ахтаева, З. Османова, А. Смаилова

Аннотация · Abstract

"Мақала лингвомәдениеттану пәнінің қалыптасу аясын екі ғасыр арнасындағы ғылыми көріністерімен тарқатады. Дәйексөзге тартылған неміс, ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі ғылыми тұжырымдар негізінде жеке ғылым саласының дамып, орнығып кетуіндегі өзгешеліктерді сипаттайды. Өз алдына жеке ғылым болып саналатын лингвистика мен мәдениет ілімінің әрі ұғымдық, әрі терминдік мәннен бірбүтін лингвокултурологиялық бірлікке айналуына аталған ғылыми пікірлердің тікелей әсері болғандығы жеткізіледі. Жұмыс авторлары пікірінше, халық сөйлеуіндегі тіл бірліктері бойынан, демек лингвистикадан, этнос болмысын танытатын мәдениеттану бірліктері, демек этнолингвистикалық мәселелер орын алады. Мұның қазіргі гуманитарлық ғылымдар үшін берері мол болмақ. Тіпті, бұл екі ғылымның тоғысуынан тіл біліміндегі жаңа ғылым саласы – лингвомәдениеттану пәні орнығады. Жаңа ғылым саласының орнығуына ХХ және ХХІ ғасырдағы тілші-мәдениеттанушы ғалымдардың ой-пікірлері бағаланып отыруы қажет. Авторлар бұл бағытты тақырыптың ашылуындағы басты мақсат ретінде ұстанады. Мақала барысында салыстыру, баяндау, сипаттама жасау, жүйелеу, талдау әдістері пайдаланылған. Жоғарыда аталған тілдер аспектісіндегі тұжырымдарды жеткізу салыстыру әдісінің қызметі арқылы іске асқан. Бұл пікірлерді қазіргі ғылыми ортаға жеткізу баяндау әдісін қажетсінсе, лингвистика мен мәдениет іліміне ортақ бірліктердің табиғатын таныту үшін сипаттама беріліп, оларды жүйелеудің жолдары көрсетілген. Ал талдау әдісін екі ғылымаралық бірліктердің берілуін тарқатудан көруге болады. Кілтті сөздер: лингомәдениеттану, этнолингвистика, мәдениет сабақтастығы, этнос болмысы, сөздік құрам, паремиолгиялық қор. "

Сведения · Details