Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2022, № 1.2022, с. 88-99
«АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫН ОҚЫТУ (Қ. БІТІБАЕВАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)
Аннотация · Abstract
Мақалада әдіскер ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының әдебиеттану және әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымына қосқан педагогикалық еңбегі сөз етіледі. Қ. Бітібаеваның М. Әуезовті мектепте оқыту туралы зерттеу еңбектеріндегі «Абай жолы» роман-эпопеясын оқытудың технологиясы, әдістемесі жан-жақты қарастырылады. Негізгі бөлімде Қ. Бітібаеваның тереңдетілген бағдарламасында берілген «Абай жолы» роман-эпопеясын тұтастай оқытудың тиімді жолдары мен әдістемесі ұсынылады. Ұстаз технологиясына түсініктеме беріліп, рөлі айқындалған. Қ. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясымен «Абай жолы» роман-эпопеясын санаулы сағаттарда оқытып, тұтастай талдау барысында тиімді ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін саралап көрсетеді. Ғылыми еңбектермен жұмыс, қосымша материалдарды қолдану, мәтінді өмірмен байланыстырудың ұстаз технологиясында өзара тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Ұстаздың құзырлылыққа бағытталған тапсырмалар үлгісін ұсынады. Қ. Бітібаеваның педагогикалық идеясын, тың ізденістерінің қазіргі оқыту жүйесіндегі маңызын айқындаған, тәжірибеде қолданудың тиімді жолдары көрсетіледі. Мақаланың қорытынды бөлімінде автор Қ. Бітібаеваның жаңашыл ізденістерін зерделей келе, тиімді әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибесінде қолданған сабақ үлгілерін, оқушыларды зерттеушілікке жетелейтін тапсырмаларды ұсынады. Қазіргі оқыту жүйесінде Қ. Бітібаеваның технологиясының жаңашылдығы, өміршеңдігі басым және ұстаздар қауымы тәжірибелерінде қолданып келеді деп қорытындылаған.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/dgdz1673
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0