Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 2,2025, с. 125-139

Шеттілдік білім беруде екінші тілдік тұлғаны қалыптастырудағы оқыту тәсілдерінің рөлі

К. Б. Дженбаева, Т. Т. Аяпова, Г. К. Исмаилова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада шеттілдік білім берудегі тиімді оқыту тәсілдері қарастырылады. Оқыту тәсілдері әдістемеде басты категориялардың бірі болып табылады. Әр түрлі сөздіктерде, сондай-ақ, әр түрлі ғалымдар оқыту тәсіліне түрліше анықтама береді. Жалпы «оқыту тәсілдері» дегеніміз қандай-да бір оқыту әдістерін жүзеге асыру жолдары. Шеттілдік білім беру әдістемесінде оқыту тәсілін анықтайтын үш компонентті атайды: лингвистикалық, дидактикалық, психолингвистикалық. Осыны негізге ала отырып ғалымдар оқыту тәсілдерін әр түрлі жіктейді: когнитивті, коммуникативті, индуктивті, лингвомәдени, грамматикалық, контекстік, белсенді, өнімді т.б. тәсілдер. Дегенмен ғалымдар оқыту тәсілдерін әр түрлі жіктегендіктен, бұл жерде де бірізділік жоқ екендігі байқалады. Мақалада шеттілдік білім берудің қазіргі парадигмасына сәйкес ғалымдардың пікірінше екінші тілдік тұлғаны қалыптастыруға негіз болатын тиімді тәсілдер: когнитивті, лингвомәдени және контекстік тәсілдер туралы айтылған. Осы тәсілдердің тиімділігін айқындау мақсатында көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектерін саралап, талдау жасалған. Аталған тәсілдердің шеттілдік білім берудің нәтижесі «мәдениетаралық қатысым субъектісі - екінші тілдік тұлғаны» қалыптастыруда тиімділігін айқындайтын әдістерді анықтап, оларға түсініктеме берілген. Зерттеу әдістерінің ішінде ғылыми-педагогикалық еңбектерге шолу, теориялық мәліметтерді зерттеу және талдау әдістері қолданылды. Кілт сөздер: оқыту тәсілдері, шеттілдік білім беру, когнитивті тәсіл, лингвомәдени тәсіл, контекстік тәсіл

Сведения · Details