Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 2,2025, с. 75-86

ЖЕЛ ТУРБИНАЛАРЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ

А. А. Бектасова, Б. Т. Смагулов, Е. А. Сарсенбаев

Аннотация · Abstract

Қазақстанның айтарлықтай жел әлеуеті бар және жасыл экономикаға көшу аясында жел энергетикасын белсенді дамытуда. Соңғы жылдары жел қондырғыларының тиімділігін арттыра алатын конфузорлар мен диффузорлар сияқты инновациялық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жұмыста әртүрлі аэродинамикалық ағынды концентраторларды көлденең осьтік жел турбиналарының конструкциясына біріктіру қарастырылады, бұл олардың сенімділігін, тиімділігін және электр қуатын өндіру деңгейін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Зерттеу жұмысының мәні турбинаның кірісінде жел жылдамдығын арттыру болып табылады, бұл оның энергия тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Энергия өндіруді арттыру үшін жел жылдамдығын арттыру әдісі қарастырылады. Ол үшін COMSOL Multiphysics бағдарламалық жасақтамасында турбинаны жобалаймыз, онда біз белгілі бір ашылатын бұрыштардағы конфузор мен диффузорды қарастырамыз, есептеулер ақырлы элементтер әдісімен жүзеге асырылады. Жел турбинасының конструкциясын инженерлік бағдарламалық қамтамасыз етуде модельдеу кезінде толық масштабты модельге барынша жақын сәйкестікке ұмтылу қажет болды. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, ауа ағынының максималды жылдамдығы турбина орнатылған тар аймақта байқалады, содан кейін ол баяулайды және электр энергиясын өндіру көлемінің ұлғаюына қол жеткізіледі. Кілтті сөздер: жаңартылатын энергия, концентраторлар, ауа ағынының күшейткіштері, жел генераторлары, конфузорлар, диффузорлар

Сведения · Details