Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 344-356

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

А. Б. Абухановa

Аннотация · Abstract

"Мақалада мектеп ішілік үздіксіз білім беру жүйесінің құрылымы, мазмұны негізгі бағыттары және педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырудағы алатын орыны, ұйымдастыру әдістері, білім мазмұнын жаңарту жағдайында ақпараттық қоғам мен Цифрлы Қазақстан бағдарламасының талаптарына сәйкес қазіргі педагогтардың шеберліктерін арттырудың мақсат, міндеттері, негізгі формалары қарастырылған. Мектептің әдістемелік қызметінің, пәндік әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық және проблемалық топтар жұмысының заманауи белсенді және интербелсенді оқыту әдістері мен технологияларын, электронды білім беру ресурстарын қолдану негізінде педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдірудегі алатын орындары сипатталған. Тақырыатың мазмұнын ашу үшін 2017-2020 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептеріндің әдістемелік қызметтерінің мұғалімдердің білімдері мен кәсіби шеберліктерін үздіксіз арттыру бағытында атқарылған жұмыстарына талдау жасалған. Сонымен қатар, жүргізілген эмпирикалық зерттеулер нәтижесін саралау негізінде шығарылған ой қорытындылары мектептің әдістемелік қызметінде жүгізілетін үздіксіз білім беру жүйесінің басым бағыттары, жетілдіруге баса назар аударуды қажет түйінді мәселелері анықталып, оларды шешудің оңтайлы тәсілдері көрсетілген. Мақалада «мектеп ішілік педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру жүйесі», «өзекті топ», «шығармашылық шеберхана», түсініктері нақтыланып, педагогтың өзін-өзі түсіну және бағалау негізінде жеке мүмкіндіктері мен зиаткерлік қабілеттерін анықтауға бағытталған үздіксіз білім беру жүйесінің алатын орыны, білім мазмұнының жаңартылуы жағдайындағы өзектілігі дәлелденеді. "

Сведения · Details