Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 308-321

ДІНИ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ КӨРІНІСІ

А. А. Мустафаева, Р. С. Мұхитдинов, У. Е. Кенжебаева, Қ. Қ. Аубакирова, М. С. Кулахметова

Аннотация · Abstract

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрамындағы біраз мемлекет тәуелсіздікке қол жеткізіп, тілдері мемлекеттік мәртебеге ие болып, біртіндеп терминологиялық тілдің де дамуына жол ашылды. Терминдердің көп бөлігі орыс тілінен еніп, тіпті аударылмай алынғанымен қоймай, қабылдаушы (қазақ) тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне бейімделмей өткені мәлім. Қалыптасқан кеңестік идеологияның нәтижесінде қоғамның ажырамас бөлігіне айнала алмай, тіпті назардан тыс қалған салалардың бірі дін болды. Аталмыш саланың терминологиялық жүйесінің де тәуелсіздік алғаннан кейін де бірден қалыптасып кетуі екіталай еді. Сәйкесінше, мемлекетте діннің «тыйым» салынған салаға айналуы тілінің де діни терминологиясының дамымауына әкеледі. Дін саласы, оның ішінде ислам дініне қатысты терминдердің тек базалық ұғымдарға қатысты бөлігі философия аясында қарастырылды. Қазір болса, дінтану, тіпті исламтану салалары ажыратылып, жоғары оқу орындарында арнайы білім беру бағдарламалары аясында мамандар да даярлана бастады. Дін саласының қоғамның кілт салаларының біріне айналуымен, бұл саланың терминологиялық тілінің де қалыптасуы мен дамуына әкеліп, теориялық зерттеулерден бөлек, практикалық, атап айтқанда қолданбалы сипаттағы еңбектер – сөздіктер де шығарыла бастады. Бұл мақалада қазақ тіліндегі діни лексикографиялық еңбектер қарастырылып, ерекшеліктері сипатталады. Кілттік сөздер: лексикография, діни терминдер, ислами терминология, қазақ тілі, сөздіктер.

Сведения · Details