Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 6-17
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БЕЙНЕСІ
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ әдебиетіндегі Семей қаласының бейнелену ерекшелігі қала табиғаты мен құрылымының прозалық шығармалардағы көрінісі жан-жақты талданады. Қазіргі таңда пәнаралық сипатта айқындалатын қала бейнесінің әдебиеттегі көрінісін зерттеу урбанизациялық үрдістің басты тақырыптарының біріне айналып отыр. Сол себепті де, қала бейнесін сол әдеби кеңістікте өмір сүретін кейіпкер психологиясымен бірлестікте қарастыру келелі мәселелер қатарынан табылады. Қазақ әдебиетінде да өткен ғасырдың бас кезеңінен бастап Семей қаласының бейнесі ақын-жазушылар шығармаларына өзек болғанымен де, арнайы зерттеушілер тарапынан қарастырыла көп қарастырыла қоймағаны белгілі. Сол себепті де, аталмыш мақалада Алаш астанасы болып табылатын Семей қаласының тарихи-әлеуметтік сипатын танытып қана қоймай, оқырман таным-түйсігіне әсер беретін эстетикалық-психологиялық факторлары сараланады. Қала образының алғашқында адамгершілік идеясымен астасып, «мінсіз қала» сипатындағы көрінісі біртіндеп адамзаттың қалаға шоғырлануы нәтижесінде тұрғындардың бойындағы кейбір қасиеттеріне әсері қарастырылады. Ұлылар мекені саналатын қарт Семейдің қалыптасқан идеялық имиджі анықталады. Семей қаласы бейнесінің қазақ прозасындағы көрінісі Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу», Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан», Кәмен Оразалиннің «Абайдан соң». Дихан Әбіловтің «Сұлтанмахмұт», Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» туындыларындағы табиғат пен кейіпкер бейнесін салыстыра талдау арқылы ашылып талданады. Кілтті сөздер: қала бейнесі, қала табиғаты, ұлттық таным, жаһандық құндылық, психология, символ, кейіпкер психологиясы
Сведения · Details
- DOI 10.48081/cwmo3775
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0