Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 182-194

ИНТЕРНЕТ-ЛЕКСИКАНЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЛ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ

А. А. Касымова

Аннотация · Abstract

Ғылыми мақалада интернет-лексиканы зерттеуге ұмтылыс тілдің әлеуметтік табиғатына, әлеуметтік функцияларына, әлеуметтік факторлардың тілге әсерін және тілдің қоғам өміріндегі рөлін ескере отырып, мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты, әлеуметтік лингвистика мен лингвомәдениеттің жетістіктері негізінде кең ауқымды проблемалар шеңберінде кешенді зерттеу арқылы жүзеге асырылды. Интернет-лексика қазіргі лингвистиканың антропоцентризмге деген жалпы көзқарасына, лексиканың лингвистикалық ерекшеліктерінің бірегейлігін анықтап қана қоймай, сонымен қатар қарым-қатынас процесінде осы интернет-лексиканы құрайтын сөздер тобын қолданудың әлеуметтік және прагматикалық факторларын түсіндіру қажеттілігіне жауап беретін сала екенін ескерсек, зерттелуі өзекті, кезек күттірмейтін мәселе екенін аңғартады. Интернет-коммуникацияның лексикасын зерттеу лингвистикалық зерттеулердің когнитивті-функционалды бағыты тұрғысынан осы бірліктердің тұжырымдамалық сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырылды. Сонымен қатар интернет саласы туралы ғылымдағы алғашқы тұжырымдар мен пікірлер, ғылыми ізденістер негізге алынып, жалпы интернетті зерттеу, соның ішінде интернет тілін зерттеудің маңыздылығы гуманитарлық тәсіл шеңберінде қолға алынды. Интернет-лексиканы қалыптастыруда интернет-коммуникацияның рөлі анықталады. Интернет-лексиканы лингвистика ілімінің зерттеу объектісіне алыну барысы сипатталды. Жалпы интернет-лексиканың тіл ғылымындағы орны анықталады. Кілтті сөздер: интернет-лексика, әлеуметтік желі тілі, интернет-коммуникация, интернет терминдер, ғылыми тұжырым.

Сведения · Details