Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 166-173
ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ АРҚЫЛЫ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
Аннотация · Abstract
"Мақала соңғы кездері қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты туындаған бірқатар мәселелерге арналады. Бүгінгі жаһандану дәуірі ақпарат пен технологияның кең қанат жайып, қоғамның барлық саласы дерлік цифрлық жүйеге еніп, қарыштап дамуды бастан кешіп жатыр. Сан-салалы бағыттың замана көшіне ілесіп, даму үдерісінің қарқынды белең алуы дәл қазіргі уақыттың талабы болса керек. Олай болса, еліміздің дамуының басты өзегі болып табылатын тіл, жазу тағдыры өркендеу мен өсудің биік тұғырына әбден лайық мәселе болып табылмақ. Өйткені әрбір халық, қала берді ұлттың жалпы өмір сүру салты, қалыптасуы, даму жолы, кешегісі, бүгінгісі мен келешегі ана тілінің ахуалына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Бұл – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Әрине, латын әліпибиін қабылдап, оған түбегейлі көшу үрдісі әлеуметтік-саяси, мәдени, экономикалық маңызы өте зор мәселе. Әлем тілдеріндегі орфография, орфоэпия, транскрипция мәселелері қазақ тілінің табиғатына қалай үйлеседі деген мәселеде Ахмет Байтұрсынұлы ұстанымына сүйену қажеттігіне мән беріледі. Бұл ұстаным кирилл әліпбиі мен оның емлесі санасына орныққан қазіргі буын үшін тосындау көрінетіні рас, бірақ ұлттық сананы жаңғырту арқылы бұл мәселені шешуге болады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/cscm2746
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0