Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2024, № 3,2024, с. 56-69

ИСЛАМ ФАКТОРЫ ПОСТКЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДА

Ғ. Қ. Хафиз

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада Кеңестік дәуір өткен соң Орта Азия мен Қазақстан қоғамына ислам факторының қалай әсер еткені айтылады. Азып-тозған жас мемлекеттердегі рухани қуыстың орынын исламның қаншалықты толтырғанын, оның әсерінің қаншалықты оң-теріс болғаны баяндалады. Мақалада осы күрделі саяси, экономикалық, мәдени үдерістің кезең-кезеңмен өтіп, енді қалыптасып келе жатқан жас мемлекеттердің даму жолында қандай рөл атқаратыны жазылады. Енді ғана еггемендеік алып, қадамын жаңа басқан сәби сияқты жас мемлекеттерге аталмыш фактор әрқала әсер етті. Ислам факторының екі бағыттағы үдерісі түсіндіріледі. Алдымен, ислам дінінің саясилануы; екіншіден, елдегі биліктің осы дінге қарай жүргізген саясаты. Исламдану бір уақытта кем дегенде екі тенденциямен сипатталады: исламның дін ретінде қайта жандануы және әртүрлі экстремистік және лаңкестік топтар билік үшін күресте қабылдаған исламдық «жасанды келбеттін» идеология ретінде пайдалану. Бұл жағдайлар Орта Азия мемлекеттерінде қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне қойды. Осылай геосаяси байланыстары жаңа келбетке ие болғаны елдер ұжымдық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіу үшін қаншай адымдар жасағаны баяндалады. Қазақстандағы исламның суниттік бағытын ұстануы, ежелден сақталған жергілікті діни сенімдермен үйлесімділігі діни терроризм мен экстремизмді жақсы ажыратуға алғышарт болғанын, артықшылығын көрсетеді. Ислам факторы дүние жүзіне және Орта Азияға, әсіресе Қазақстанға маңызды әсер беретін үлкен үрдіс болғаны қорытындыланады.

Сведения · Details