Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 367-377
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ: МӘНІ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Аннотация · Abstract
"Берілген мақалада дуалды оқыту – кәсіптік білімнің ерекше түрі, онда дайындықтың тәжірибелік бөлігі жұмыс орнында, ал теориялық бөлігі кәсіптік білім беру ұйымының базасында өтетіндігі қарастырылған. Кадрларды даярлаудың дуалды жүйесі әлемдік тәжірибені оңтайлы үйренумен қатар, өндірістік жағдайда өз ұстанымын бекітуге мүмкіндік береді. Кадрларды даярлаудың дуальды жүйесі әлемдік тәжірибеде өзін көрсете білді, бүгінгі күні жалпы қазақстандық деңгейде өзекті болып табылады. Дуалды білім беру бағдарламаларын енгізу қоғамның қазіргі заманғы мәселелеріне жауап береді және қазіргі шетелдік тәжірибеге негізделген. Дуалды білім беру бағдарламалары жоғары білікті кадрларды даярлаудың тиімділігін арттырудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. Мақалада әлеуметтік серіктес – кәсіпорындар үшін білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлауды дуалды ұйымдастыру қажеттілігі негізделеді, колледжде кәсіби білім берудің дуальді жүйесін құрудың тұжырымдамалық негіздері ашылады. Сонымен қатар, мақалада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дуалды білім беруді қолдану тәжірибесі көрсетілген. Мақалада дуалдық жүйе негізінде – өндіріске қажетті кадырларды дайындап, олардың оқу мерзіміндегі шығындарды өз мойына алу, оқыту мен практиканы теңстіру жататындығына мән берліген. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/coqo2039
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0