Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2025, № 1.2025, с. 28-42
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАУ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНДАҒЫ АДАМ БЕЙНЕСІ: АНТРОПОЦЕНТРИЗМ МЕН БИОСЕНТРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАРЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада қазіргі заманғы экологиялық ойлаудың өзгеру бағыттары мен адам бейнесінің табиғатпен арақатынасындағы жаңа философиялық тұжырымдары жан-жақты сарапталады. Адамзаттың қоршаған ортаға деген көзқарасының тарихи эволюциясы, дүниетанымдық ұстанымдардың өзгеруі мен экологиялық дағдарыс арасындағы өзара байланыстар ғылыми негізде талданады. Зерттеуде антропоцентристік көзқарас пен биосентристік бағыттардың арасындағы айырмашылықтар мен олардың экологиялық тепе-теңдік жағдайындағы мәні ашып көрсетіледі. Сонымен бірге, биосентризм мен экосентризм идеологиялары адам мен табиғат арасындағы өзара әрекетті моральдық-этикалық тұрғыдан қайта ойластыру қажеттігін негіздейді. Мақалада тұрақты даму тұжырымдамасы, экологиялық жауапкершілік, табиғатты сақтау мәселелері және экологиялық этика кең ауқымда қарастырылады. Авторлар адамзаттың жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі философиялық және дүниетанымдық рөлін ерекше атап өтеді. Экологиялық әділеттілік пен тұрақты даму арасындағы өзара байланыс, сондай-ақ биосентризм қағидаларының заманауи қоғамдағы қолданылу мүмкіндіктері де сараланады. Жұмыс барысында табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сақтаудың маңыздылығы мен осы бағыттағы жаңа көзқарастардың әлеуеті көрсетіледі. Зерттеудің тағы бір өзекті қыры – адамның табиғатқа қатысты мінез-құлқын реттейтін моральдық және этикалық нормалардың философиялық негіздерін талдау. Мақалада постмодернистік тәсілдер, этикалық плюрализм мен феноменология аясындағы идеялар экологиялық дүниетанымның жаңа модельдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылған. Табиғатпен қарым-қатынаста жаңа өлшемдерді енгізу арқылы экологиялық мәдениетті дамыту қажеттілігі дәлелденеді. Жалпы алғанда, мақалада келтірілген ғылыми тұжырымдар экологиялық ойлаудың трансформациясы мен орнықты дамудың философиялық негізін терең түсінуге жол ашады. Кілтті сөздер: экологиялық ойлау, биосентризм, антропоцентризм, экосентризм, экологиялық этика, тұрақты даму, табиғи ресурстар, натурфилософия.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/clwx8236
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0