Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 34-48
КӨРКЕМ ТУЫНДЫДАҒЫ СИМУЛЯКРДЫҢ ОҚЫРМАН САНАСЫН БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ
Аннотация · Abstract
Мақалада Тұрысбек Сәукетаевтың «Мен – жындымын» романындағы симулякрдың көркем мәтіндегі манипуляциялық қызметі талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – симулякрды санаға әсер етуші көркемдік тәсіл ретінде қарастырып, оның оқырман санасындағы шынайылықты қалай бұрмалап, гиперреалдылық орнататынын анықтау. Зерттеу нысаны ретінде романдағы кейіпкерлер бейнесі, көркемдік кеңістік пен оқиғалық желісі алынады. Зерттеу Жан Бодрийярдың «Симулякрлар мен симуляциялар», «Реквием по масс-медиа» еңбектеріне және әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, әлеуметтанушы ғалымдардың симулякр теориясына қатысты тұжырымдарына негізделеді. Ж.Бодрийяр пайымдауынша, постиндустриялық қоғамда шынайы шындықтың орнын жасанды, оған ұқсас бейнелер – симулякрлар басып, шындықты бүркемелеп, толықтай ығыстырып шығарады. Мұндай жағдайда адамның шынайылықпен байланысы үзіліп, қабылдау тек белгілер мен бейнелер деңгейінде жүреді. Осы теориялық негізде шығармадағы симулякрлар психоанализдің заманауи формасы – шизоанализ әдісімен сараланады. Г. Делёз бен Ф. Гваттари ұсынған бұл тәсіл адам санасының бейсаналық құрылымдармен емес, капиталистік жүйенің өзі өндіретін белгілер мен таңбалар арқылы қалыптасып, манипуляцияланатынын алға тартады. Т. Сәукетаев бұл әдісті ұлттық-рухани мәнде көркемдік жүйеге енгізе отырып, симулякрлар арқылы әлеуметтік сана мен жеке тұлғаның арасындағы қақтығысты бейнелейді. Шын мен жалған бейнелердің арасы бұл шығармада бұлдыр тартып, оқырманды «шындық» ұғымының өзі туралы қайта ойлануға итермелейді. Осылайша, симулякр тек әдеби тәсіл ғана емес, санаға әсер етудің философиялық құралы ретінде көрінеді. Романдағы симулякрлық эпизодтар әлем әдебиетіндегі К. Кизидің «Көкектің ұясы» мен Ф. М. Достоевскийдің «Идиот» романдарымен салыстырылады. Т. Сәукетаев симулякрды санаға әсер етудің көркем тәсілі ретінде ұтымды қолданып, оқырманды шынайылық туралы жаңаша ойлауға, ішкі рухани әлеміне үңілуге жетелейді. Зерттеу нәтижесінде симулякр көркем шығармада тек шындықты жасыру емес, оқырман санасын сілкінтіп, жаңсақ дүниетанымнан арылтуға бағытталған құрал ретінде көрініс беретіні дәлелденеді. Кілтті сөздер: симулякр, әдебиеттегі симулякр, гиперреалдылық, манипуляция, оқырман санасын басқару, шизоанализ
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ckab6710
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0