Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 242-249

ЖАҢА ЖОЛМЕН ДЕФОРМАЦИЯЛАНҒАННАН КЕЙІН МЫС СЫМДАҒЫ МИКРОҚҰРЫЛЫМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

А. В. Волокитин, Б. Б. Махмұтов, Г. С. Тлеулесова

Аннотация · Abstract

Мақалада жаңа біріктірілген деформация процесінде мыс сымның микроқұрылымы мен механикалық қасиеттерінің эволюциясы зерттелді. Технологиялық процестің мәні айналмалы тең арналы сатылы матрицадағы сымның деформациясы және содан кейінгі сүйреу болып табылады. Матрица сым осінің аймағында айналады және осылайша матрицадағы тең арналы бұрыштық тартқыш пен айналу арқылы кернеу тудырады. Жұмыс барысында деформация бөлме температурасында жүргізілді. Сонымен қоса деформация нәтижесінде градиент құрылымы бар мыс сым алынды. Беткі қабат ≈ 1 мм тереңдікте 500 нм-ге дейін ұсақталды. Әрі қарай, түйіршіктердің көлемі сымның орталық бөлігіне қарай ұлғаяды және 4 мкм-ді қамтиды. Әр түрлі тереңдікте ірі бұрышты және қосарланған шекаралардың болуын сандық талдау үшін EBSD талдауы жасалды. EBSD талдауы нәтижесінде деформацияланған сымдағы түйіршіктер өтулер санының артуымен бағытына қарай ойысады [10]. Зерттеу барысында деформацияланған сымның беткі қабатындағы ірі бұрышты шекаралардың үлесі 68%, ортаңғы қабатта ≈ 42% және ортасында ≈ 25% -ды құрайды. Нәтижесінде мыс сымның құрылымдық өзгерістерін және оның механикалық қасиеттерін зерттей отырып, жаңа технология әдісімен оның беріктікке ие болуы анықталды. Кілтті сөздер: бұрау, микроқұрылым, матрица, мыс, сым.

Сведения · Details