Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 2.2021, с. 206-210
Мағжан Жұмабаев – «Пайғамбар» өлеңі туралы
Аннотация · Abstract
"Мағжан Жұмабевтың «Пайғамбар» өлеңін жазуға әлем әдебиетінің де әсері зор болғанға ұқсайды. И. В. Гете, Вильям Блейк, Джордж Гордон Байрон, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Бунин т.б. шығармаларында өзекті ортақ «Пайғамбарлар» тақырыбы кеңінен жырланды және жазылды. Егер де орыс – еуропа әдебиетінде пайғамбарлар тақырыбы көбіне романтикалық бейненің әрекетімен ұштасып жатса, қазақ-шығыста романтикалық-реалистік (бірінің негізінде бірі) суреттелетіні байқалды. Пушкиннің «пайғамбары» теңіз бен жерді көктей өтіп, менің ерік жігерімнен шыққан ойыма ой қосшы, күш берші, адамдардың жүрегіне от берші деген жалбарыну, романтикалық сарыны басым сияқты. Қошке аудармасында: пайғамбарға көзіңді аш, тұр, құлағыңды сал, аралап шөлді жерді, сулы жерді, орына келтір менің бұйрығымды – деп, мәтінді қазақ ұғымына қарай икемдегені байқалады. Мағжанның пайғамбары қазақ елін – күншығысты қаптаған қараңғылықтан, надандықтан, қайғы мен қан төгуден сақтап алып қалатын күрделі романтикалық бейнеден, реалистік бейнеге дейін көтерілген. Жалпы, күншығысты азат қылатын, бостандыққа жеткізетін – пайғамбар дәрежесінде суреттейді. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/cifs8413
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0