Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 95-105
ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚУ ПРОЦЕССІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Аннотация · Abstract
"Қазіргі таңда виртуалды және толықтырылған шындық технологияларының қолданылу аясы көптеген салаларды қамтиды. Күнделікті өмірде қолданылып жүрген әлеуметтік желілер мен көңіл көтеруге арналған ойындардан бастап қоғам өміріне маңызды білім беру, медицина, техника салаларында да көптеп пайдаланылуда. Мақалада оқу процессінде қолданысқа енгізілген виртуалды және толықтырылған шындыққа негізделген маңызды қосымшалардың жұмысына шолу жасаймыз. Аталған қосымшаларды білім беруде сандық ресурс ретінде пайдалану білім алушылардың ұсынылып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу сапасын көтерудің бірден бір жолы болып табылады. Сонымен қатар, берілген мақалада виртуалды және толықтырылған шындық қосымшаларын құруға арналған бағдарламалық жабдықтарға талдау жасалып, жұмыс жасау мүмкіндіктері қарастырылды. Талдау нәтижелері бойынша Vuforia және Unity 3D бағдарламалық жабдықтары тиімді екендігін ескеріп, алдағы жұмыстарымызда осы бағдарламаларды пайдалануға шешім қабылдадық. Аталған бағдарламалық жабдықтарды эксперимент барысында қолданып, тиімділігіне тағы да көз жеткізетін боламыз. Жоғары оқу орынында VR\AR технологияларының қолданылу деңгейін анықтау мақсатында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті білім алушылары арасында сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама нәтижелері бойынша білім алушылардың VR\AR құрылғыларын сабақта қолданғысы келетіндігін, виртуалды және толықтырылған шындық қосымшаларын құруды үйренуге деген қызығушылығын байқадық. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/cgud2842
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0