Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 217-227

ҚАЗАҚ АҚЫН, ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН «АҚЫЛ», «ЖҮРЕК» СӨЗДЕРІНІҢ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

З. С. Машрапова

Аннотация · Abstract

Мақалада қазақтың атақты ақын-жазушылары Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшһүр Жүсіптің шығармаларынан «ақыл», «жүрек» сөздерінің нейролингвистика саласына қатысты маңызы талқыланды. «Ақыл» және «жүрек» сөздері қазақ әдебиетінде және халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Қазақ ақындары мен жазушылары бұл ұғымдарды адамның ішкі әлемін, рухани байлығын және адамгершіліктің маңыздылығын жеткізу үшін қолданған. Бұл сөздердің нейролингвистикалық маңызы, яғни олардың адамның психологиясына, сана-сезіміне, мінез-құлқына әсері зор. Аталған ұғымдар арқылы адамның логикасы мен эмоцияларының үйлесімін суреттейді. Бұл тақырыпты зерттеу барысында «ақыл» және «жүрек» ұғымдарының әдебиеттегі бейнеленуінің адам психологиясына әсері мен олардың тілдік тұрғыдан қалай көрініс табатыны қарастырылады. Нейролингвистика ғылымының әдістері арқылы бұл сөздердің қолданылуы адам санасына, эмоциялары мен мінез-құлқына қалай әсер ететінін талдау арқылы түсіндіріледі. Мақаланың басты міндеті мен бағыты ретінде қазақ ақын-жазушыларының шығармалары тереңірек және жан-жақты зерттеледі. Көрнекті ақын, жазушылардың еңбектерінен нейролингвистикалық ерекшеліктер сараланады. Сөз қуаты, сөз энергиясы және адамдарға айтылған сөздің әсері айқындалады. Зерттеу материалы ретінде ми, жүрек, сана, ақыл сөздері алынады. Адамның қуат көзі, дене, ағза, жүрек, қан тамырларының т.б. қызметтері жұмыс істеу функциясы кеңінен жазылады. Бірақ та, бүгінгі ой-жүйесінен ғылыми тұрғыда, әсіресе нейролингвистика тұрғысында зерттеу аса жауапты міндет. Кілтті сөздер: сөз, нейролингвистика, тіл, жүрек, ақыл, ми.

Сведения · Details