Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 1.2025, с. 90-107
PLC НЕГІЗІНДЕГІ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛҒАН РОТОРЫ БАР АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада электр кешендерін басқару жүйелерінің негізгі түрлерін, олардың сипаттамаларын және қолдану салаларын зерттеуге мүмкіндік беретін стенд талқыланады. Зертханалық стенд релелік тізбектер тілінде контроллерлерді бағдарламалауды тиімді оқытуға арналған. Стендте зертханалық жұмысты орындағаннан кейін студенттер бағдарламалық-логикалық контроллер негізінде басқару жүйелерін, соның ішінде бағдарламалық жасақтаманы құруды өз бетінше жасай алады. Зертханалық стендте FX3U48MR бағдарлама логикалық контроллері қолданылады. Зертханалық жұмыста бағдарлама логикалық контроллерін бағдарламалау үшін Mitsubishi Electric компаниясы өз өнімдерімен бірге жеткізілетін GX Developer пакеті қолданылады. Студентке қойылған міндет – зертханалық стендте құрылған бағдарламалық құралдың жұмысын тексере отырып, бақылау бағдарламасын және оның алгоритмінің диаграммасын жасау. Мақаланың ғылыми жаңалығы - стендте электр кешендерін басқарудың типтік жүйелерінің қасиеттері, өндірістік желілерді басқару жүйелерінің типтік функциялары, автоматтандырылған электр жетегі жүйесін жобалау негіздері оқытылады. Ғылыми мақаланың мақсаты - контроллерлерді Ladder Diagram (LD) тілінде бағдарламалауы және JET-075GT жиілік түрлендіргіші бар PLC негізіндегі тиін торлы роторы бар асинхронды қозғалтқышты басқару жүйесін жасау болып табылады. Ұсынылып отырған стенд - заманауи қуатты жартылай өткізгіш түрлендіргіштерді пайдалана отырып реттелетін асинхронды электр жетектерін зерттеу және практикалық қолдану электромеханикалық кешендердің жоғары тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетеді. Кілтті сөздер: басқару жүйелері, зертханалық стенд, бағдарлама логикалық контроллері, датчик, басқару түймелері.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/cdod9523
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0