Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 206-216
І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ САРАПТАМАЛЫҚ МАҚАЛАЛАРЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада ұлт мүддесіне қызмет еткен, саяси, мәдени өміріне белсене араласып, атсалысқан тұлға І. Жансүгіровтің баспасөз беттерінде жарияланған сараптамалық мақалаларының рөлі, ондағы көтерген мәселенің өзектілігі, шыншылыдығы, фактінің берілуі сарапталды. Ілияс Жансүгіровтің публицистік еңбегі, проблемалық мақаласы бүгінгі күн тұрғысынан бағаланып, қазақ баспасөзіндегі мақала жанрын бағамдаудағы орны айқындалады. І. Жансүгіров шығармашылығы негізінде баспасөздің ХХ ғасыр басындағы дамуының ішкі заңдылықтары ашылып-айқындалды. Ілияс Жансүгіров мақалаларының маңыздылығы қазақ халқының дүниетанымдық көзқарасын қалыптасыруға, рухани әлемін байытуға, ұлттық сананың өсуіне, қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға терең талдау жасай отырып, өз оқырманына жол көрсете білуінде. Оның мақаларын сараптау арқылы оқиғаға баға бере алуы, шындықты шеберлікпен жеткізе білуі талданды. Автордың қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауға бағытталған публицистикалық туындыларының саяси астары, публицистік өзіндік көзқарасы, өзекті мәселелерді шешу жолындағы ой тұжырымдары мен айғақты пікірлері ашып көрсетілді. Оның шығармалары оқырмандарды терең ойлануға және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге шақырады. Қазақ қоғамының рухани және мәдени дамуына үлкен үлес қосты. І. Жансүгіровтің ұлтының тарихи-мәдени өміріне өзінің парасаттылығымен, көкейкесті проблемаларды көрсете алуымен қоса сыни ойлана білуі, сол мәселелерге сергек қарап, жедел үн қоса білуі қарастырылды. Кілтті сөздер: ұлттық баспасөз, публицист, сараптамалық жанр, проблемалық мақала, жазушы-журналист.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/cbnr7133
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0