Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 488-503

"ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР: НҰРТУҒАН МЕН ЕРІМБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША "

Г. Ж. Утемисова, А. О. Карипжанова, Е. Оспанов

Аннотация · Abstract

"Қазақ фольклорында жыраулар шығармаларының алатын орны ерекше. Олар ауыз әдебиетінің жарқын көрінісі болып қана қоймай, халықтың тұрмыс-тіршілігінен, мәдениетінен, өмірінен, тарихи фактілерінен сыр шертеді. Уақыт өте келе ондағы көптеген сөздер қолданыстан шығып, көнерген сөздер қатарына ене бастайды. Олардың мағынасы көмескіленіп, түсініксіз сөздерге, яғни өлі сөздерге айнала бастайды. Оларды зерттеу, мағыналарын түсіну арқылы мәтінді оқуға ғана емес, қазіргі уақытқа қажетті сөздерді анықтауымыз да мүмкіндік берері сөзсіз. Демек халықтың төл, яғни байырғы тілінде бар көне сөздерді қолдану арқылы қазіргі кездегі кейбір ұғымдарға жаңа атау беруге болады. Осы арқылы тіл тазалығын сақтауға, шет тілінен енетін сөздерге шектеу жасауға мүмкіндік туындайды. Қазақ тіл білімінде көнерген сөздер біршама зерттелеген және олар лексикалық мағыналарына қарай тарихи және архайизмдер деп бөлінеді. Қазақ халық ауыз әдебиетінде жыраулық дәстүрді ұстанған өнер иелері көп болған және олардың шығармалары да бай. Сол себепті мақалада жыраулар шығармаларындағы көнерген сөздерге лексикалық-семантикалық талдау жасалады және Сыр өңірінің жыраулары Нұртуған мен Ерімбет жырлары ғана негізге алынады. Кілтті сөздер: көнерген сөздер, жырау, Нұртуған, Ерімбет, ауыз әдебиеті, тарихи аталымдар, лексика, историзм. "

Сведения · Details