Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2022, № 2.2022, с. 222-232
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША ТЕЗАУРУСТЫҚ ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалары бойынша ғылым-білімнің нәтижесі жайында тезаурустық талдау жасалып, ойшыл-ақынның ғылым мен білімді жеріне жеткізіп айтқаны, өзі ғылым мен білімді өте жақсы білген және түсінгендігі айқындалған. Абай Құнанбайұлы ғылым мен білімді жай ғана сауатты болу үшін емес, оған белгілі бір нәтижені айқындап бергендігін және білім мен ғылымды үйренудің басты екі мақсатын көрсеткені айтылған. Оның бірі – Абай шығармаларының басты концепциясы «кемел адам» болу үшін қажет екендігі, екіншісі білім мен ғылым арқылы Қазақтың Тәуелсіздігіне қызмет ету керек екендігі ақынның өлеңдері мен Қара сөздерін арқылы дәлелденеді. Абай Құнанбайұлы шығармаларында келтірілген ғылым мен білімге қатысты тұжырымдардың қазіргі таңда да күн тәртібінен түспеген өзекті мәселелер екені қазіргі жағдаймен салыстырыла зерделенеді. Абай Құнанбайұлы шығармаларында білім мен ғылымға қатысты сөздерге тезаурустық талдау жүргізіліп, олардың мағыналары мен қолданылу жиілігіне статистикалық мәліметтер келтірілген. Қорытындылай келгенде, мақалада ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тапқан Абай Құнанбайұлының еңбектерінде Ғылым мен білім мәселесінің алар орны ерекше екендігі анықталған. Мақала ҚР БҒМ грантымен қаржыландырылатын «AP09259039 – Абай өлеңдерінің поэтологиялық тезаурусы» ғылыми жобасы аясында жазылды.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/caim8757
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0