Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 3,2025, с. 335-345

РАДИОСИГНАЛДАРДЫ СПЕКТРЛІК-КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ МІНДЕТТЕРІ ҮШІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

Ә. М. Сәбиболда, Н. Қ. Смайлов, А. К. Тулешов, А. Б. Сағындық, В. В. Наумов

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада физикалық және радиотехникалық жүйелердегі электромагниттік процестерді модельдеуге арналған зертханалық тәжірибелік жұмыстар қарастырылады. Зерттеу аясында радиосигналдарды спектрлік-корреляциялық әдістер арқылы өңдеудің алгоритмі әзірленіп, оның бағдарламалық жүзеге асырылуы сипатталады. Python тілінде құрылған бағдарлама кіріс параметрлерін өзгерту арқылы сигналдарды уақыттық және жиіліктік облыстарда талдауға мүмкіндік береді. Жасалған шешім блок-схема және графикалық интерфейс арқылы сипатталып, әртүрлі платформаларда қолдануға бейімделген. Мақалада корреляциялық анықтағыштың физикалық моделі мен радиосигналдардың уақыттық кідірісі, амплитудалық және фазалық сәйкестігін бағалау әдістері ұсынылған. Алгоритмнің тиімділігі шу жағдайында радиолокациялық мақсаттарды дәл анықтауда көрінеді. Сонымен қатар, алгоритмнің радиомониторинг және радиоимпеданстық зондтау салаларында қолданылу нәтижелерінің графикалық интерпретациясы келтірілген. Модельдеу Ньютон әдісіне негізделген итерациялық шешімдерді қамтиды және спектрлік сипаттамаларды визуализациялауға жағдай жасайды. Бағдарламалық кешен геоэлектрлік құрылымдарды қалпына келтіруде және радиофизика мен сигналдарды цифрлық өңдеу бағытында мамандар даярлауда оқыту құралы ретінде кеңінен қолдануға жарамды. Зерттеуде ұсынылған жүйе нақты есептер үшін бейімдеуге қолайлы және модульдік кеңейту мүмкіндігімен сипатталады. Сонымен қатар, әзірленген интерфейс студенттерге тәуелсіз жұмыс істеуіне және модельдеу дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: радиопеленгация, спектралды-корреляциялық алгоритм, электромагниттік кедергілер, корреляциялық талдау.

Сведения · Details