Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 551-563
СТУДЕНТТЕРДІ АДАМИ КАПИТАЛҒА БАҒДАРЛАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ АМАЛДАРЫ
Аннотация · Abstract
"Бұл мақаланың басымдық мәні – студенттердің болашақта меңгеруге тиіс мамандығынан өзіне капитал жасай алудың амалдарын меңгеруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Білім бағдарламаларына пайдаланылатын әдіснамасы мен технологиясына бір орталықтан үкім шығару кешегі тоталитаризмге кайта келу дегенді аңғартады. Жоғары оқу орындарында біліммен, ғылыммен қамтамасыз етуін жаңа парадигмалық мәселелерді шешу бағдарына, студенттердің сұранымына бейімдеп құруға ынталы болып отыр. Оның басты себебі әрбір жоғары оқу орны көрсету – жеке-дара өзіне тән мәртебесі мен дәрежесі бар мекеме. Бір сөзбен айтсақ, стандарт жоғары оқу орнындағы кызмет атқарып жүрген тұлғалардың өзіне тән рухани әлеуетінің мүмкіндігіне қарай, міндетті оқу пәндерінің бағдарламалары мен міндетті әдебиеттер түзілімін камту арқылы жүзеге асырылып келеді. Студенттердің адами капиталын дамыту, білім және ғылым министрлігі саясатымен тығыз байланыста болып,университет түлектерінің кәсіби бейімі тек мемлекет ұсынған стандарт ауқымындағы біліммен ғылыми әрекетте парасат-бағамсыз қайталай беруден сақтандырып,одан кең ауқымда заманауи өзгерістеріне ілесе алатын кез-келген жағдайда тығырықтан интеллектуалды әлеуетімен шығатын жаны ізгілікті маман даярлауға басымдылық беріледі. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bxts1932
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0