Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2026, № 3,2026, с. 249-263
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АЙҚЫНДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Аннотация · Abstract
Бүгінгі таңда, болашақ педагогтердің зерттеу дағдыларының дамуы бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі. Бұл мақалада зерттеу құзыреттілігін дамытуда зерттеу тапсырмаларын ұйымдастыру және болашақ математика мұғалімдерінен зерттеу дағдыларын анықтауға бағытталған. Математика пәнінде зерттеу құзыреттілігін ұйымдастыруда: когнитивтік, рефлексивтік, іс-әрекеттік, мотвациялық сияқты критерийлер арқылы сипатталды. Технологиялық, пәндік дағдыларды меңгеруде жасанды интеллект құралдарын қолданылып, зерттеуімізден, болашақ математика мұғалімдердің 40,3% құрады, осыдан білімгерлердің зерттеу құзыреттілігі мен қатар технологиялық қабылет қалыптасуы тәжірибемізге оң әсерін берді. Ұсынылған жұмыстың мақсаты, болашақ педагогтардың зерттеу құзыреттілігін дамыту түрлерін теориялық тұрғыда талдау, болашақ зерттеуші педагогтердің зерттеу жайлы білімдерінің деңгейін сауалнама арқылы айқындау және олардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша арнайы зерттеу тапсырмалары ұсынылып, нәтижелерін талқыланды. Тапсырмаларды орындау барысында жасанды интеллект құралдары қолданылып, білімгерлердің пәндік білімімен қоса, математикалық тапсырмаларды шешуде жасанды интеллектің берген анықтамаларын өз бетінше тұжырым жасай алу қабылеті зерттеу жұмысымыздың тиімдігілігін көрсетті. Сонымен қатар, TPACK моделі яғни технологиялық және педагогикалық дайындық туралы шолу жасалды. Біздің пікірімізше, әр педагогтың зерттеу әрекетінің даму деңгейлері оның білім беруде кәсіби өсуі мен мотивациялық дағдысы мен жасанды интеллекті дамыған уақытта оны қатар пайдалану білімгердің технологиялық икемділігін арттырады деп санаймыз. Кілтті сөздер: зерттеу құзыреттілігі, зерттеу компоненттері, зерттеу тапсырмалары, математика мұғалімдері, TRACK.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/btouphmath3.2026/249-263
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0