Central AsianResearch Index

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ ЦИКЛ: КӨРКЕМДІК ТҰТАСТЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясындағы лирикалық цикл құрудың теориялық және тарихи-әдеби аспектілері қарастырылған. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әлемдік әдебиеттегі танымал жанрлық форма болып келген, лирикалық цикл мақалада осы кезеңдегі қазақ поэзиясы негізінде талданады. Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров циклдерінің өлеңдеріндегі лексикалық, синтаксистік, мотивтік, дыбыстық, интонациялық ұйымдастырылу деңгейінде цикл құраушы біріктіруші компоненттер анықталады. Хронология, жазу мерзімі, тақырып, лирикалық кейіпкер, мәтіннің бейнелі құрылымы, лирикалық сюжет сияқты цикл құраушы компоненттерге ерекше назар аударылады. Лирикалық циклдер көркемдік уақыт көркемдік кеңістіктен бөлінбейді деген концепция арқылы сипатталған. Аталған шығармаларда циклқұраудың басты элементі ретінде жанрдың біртұтас кеңістігі алынады. Мақалада ақынның көркем әлемінің тұтастығы оның шығармаларындағы уақыт пен кеңістіктің бірлігін білдіреді. Ол қарастырылып отырған циклдік принциптердің бірі. Лирикалық циклдің біртұтас кеңістігін құру тұрғысынан өлеңдер арасындағы сындарлы элементтер ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, кеңістіктің құрамдас бөліктері де маңызды. Автор мақалада Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров лирикасының мысалында пейзаждық циклдерді ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталады. Мақалада Сәкен Сейфуллин циклдерінің құрамындағы өлеңдерінде негізделетін лирикалық циклдің жанрлық формасының субъективті-объективті ұйымдастырылуына назар аударылады. ХХ ғасырдың I жартысындағы қазақ поэзиясындағы лирикалық циклдің табиғатын білу, тән цикл құру компоненттерін анықтаудың маңыздылығы көрсетілген. Талдаудың аспектілері - лирикалық циклдің жанрлық формасының негізін құрайтын принциптер, олардың дамуы әртүрлі тәсілдер мен зерттеулерде көрінеді.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 70-84
Язык
Казахский
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University