Central AsianResearch Index

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ҮШ АНЫҚ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АРГУМЕНТТІК ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ (АРГУМЕНТ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Қазіргі гуманитарлық ғылымдарда мәтінді аргумент теориясы тұрғысынан талдау маңызды әдіснамалық бағыттардың бірі болып саналады. Аргумент теориясы мәтіннің ішкі логикасын, дәлелдеу тәсілдерін, пікірді негіздеу механизмдерін ашуға мүмкіндік береді. Мақалада ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, аргумент және аргументация ұғымдарының түсініктемесі берілді, бұл ұғымдардың басқа ғылым салаларында қолданылып жүрген ұқсас терминдермен байланысы қарастырылды және аргумент пен аргументация ұғымдарының айырмашылығы көрсетілді. Мақала Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармасының өзегін құратын аргументтерді талдауға бағытталды. Қазіргі гуманитарлық ғылымдарда мәтінді аргумент теориясы тұрғысынан талдау маңызды әдіснамалық бағыттардың бірі саналады. Аргумент теориясы мәтіннің ішкі логикасын, дәлелдеу тәсілдерін, пікірді негіздеу механизмдерін ашуға мүмкіндік береді. Қазақ ойшылдарының ішінде аргумент қолдану мәдениетін жоғары деңгейде пайдаланған тұлғалардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармалары логикалық тұтастығымен, философиялық дәлдігімен және моральдық-этикалық уәждерінің беріктігімен ерекшеленеді. Бұл мақала Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармасын аргумент теориясы тұрғысынан саралап, ақынның ойлау жүйесінің ерекшелігін ашуды мақсат етті. Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармасындағы аргументацияның лингвистикалық сипаты қарастырылады. Шәкәрімнің аргументативтік стратегиялары ұлттық ойлау дәстүрінің логикалық сипатын көрсетіп, қазақ дәлел мәдениетінің тарихи негізін тануға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, «Үш анық» шығармасы қазақ интеллектуалдық дискурсының аргументативтік моделін айқындайтын маңызды мәтіндердің бірі ретінде қарастыруға болады.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 7-25
Язык
Казахский
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University