ҚАЗІРГІ МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ТІЛДІК АУЫТҚУЛАР: ТҮРЛЕРІ, СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ
Қазіргі медиакеңістікте тілдік нормалардың сақталмауы жиілеп, бұл құбылыс қоғамдық сана мен тіл мәдениетіне айтарлықтай әсер етуде. Мақалада медиакеңістікте орын алатын тілдік ауытқулардың түрлері мен себептері ғана емес, олардың әлеуметтік, мәдени салдары да талданады. Авторлар тілдік нормалар мен ауытқулардың аражігін ашып, интернеттегі қарым-қатынастың табиғаты, әлеуметтік желілердегі тілдік ықшамдаулар, код араластыру құбылысы, орфографиялық және грамматикалық қателіктердің жиілеуі секілді факторларды нақты мысалдармен сипаттайды. Зерттеу аясында Талдықорған қаласында сауалнама жүргізіліп, медиакеңістікте қазақ тілінің қолданылуына қатысты халықтың көзқарасы зерттелді. Нәтижесінде респонденттердің басым бөлігі тіл тазалығын сақтаудың маңыздылығын мойындағанымен, код араластыру мен орфографиялық қателердің жиі кездесетіні анықталды. Сонымен қатар сауалнама нәтижелері арқылы қарапайым халықтың тіл тазалығына деген көзқарасы мен медиатілді қабылдау деңгейі анықталады. Бұл зерттеу қазақ тілінің сандық дәуірдегі дамуына, жаһандану жағдайындағы трансформациясына баға беруге мүмкіндік береді. Мақалада тілдік нормаларды сақтау – тек лингвистикалық емес, сонымен қатар ұлттық сана мен мәдениетке қатысты маңызды мәселе екендігі ерекше атап өтіледі. Осыған байланысты авторлар тілдік сауаттылықты арттыру, журналистер мен блогерлердің кәсіби тілдік даярлығын күшейту, білім беру жүйесінде стилистика мен тіл мәдениетіне басымдық беру секілді нақты ұсыныстар ұсынады. Кілтті сөздер: медиакеңістік, тілдік ауытқу, тіл мәдениеті, интернет тілі, цифрлық орта.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 682-696
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3528
- Издатель
- Toraighyrov University