Central AsianResearch Index

КӨРКЕМ МӘТІН ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ЗИЯТЫН (EQ) ДАМЫТУ МОДЕЛІ

Мақалада шығармаға интерпретация жасау, көркем мәтін арқылы білімгерлердің «жұмсақ дағдыларын» (soft skills) дамыту, соның ішінде эмоциялық зиятын дамыту мүмкіндіктерін айқындау мәселелері зерттеліп, оны жаңашыл көзқарастар тұрғысынан сараланған. Мақаланың міндеттері жаңартылған білім бағдарламасындағы «талдау және интерпретация» оқу мақсатының жүзеге асуына диагностика жүргізу, көркем шығармаға интерпретация арқылы эмоциялық зиятты дамыту кезеңдерін және оған сәйкес қалыптасуы тиіс құзыреттіліктерді анықтау сынды жұмыстар бойынша алынған нәтижелермен бөлісу, оны ғылыми түрде негіздеуге бағытталады. Себебі оқушылардың көркем шығарманы, түсіну, талдау, зерделеу дағдысын дамыта отырып, өзінің және өзгенің эмоцияларын танитын, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген адам капиталын қалыптастыру үшін ұсынылған тақырыпта кешенді зерттеу жұмыстары мен нақты қолданбалы құралдар керек екені анық. Мақалада көркем әдебиет пен эмоциялық зият ұғымдарының өзара байланысы қазіргі әдебиеттану, рецептивті эстетика және әдеби рефлексия теориялары тұрғысынан сараланып, олардың гуманитарлық білім кеңістігіндегі ғылыми әлеуеті айқындалады. Бұл зерттеу гуманитарлық білім кеңістігінің ғылыми әлеуетін арттырады. Сондай-ақ интерпретацияны оқу әрекетінің өзегі ретінде қарастырып, білім беру мазмұнын жаңаша пайымдауға негіз болады.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 632-649
Язык
Казахский
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University