ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАСТЫРҒАН ҚАЗАҚ МӘТІНДЕРІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ, СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада жасанды интеллект (ЖИ) ұғымының тарихи-философиялық бастаулары мен оның тілдік жүйе ретінде қалыптасу үдерісі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында көне дәуірден бастау алатын «Логос» тұжырымы мен сөйлеу мен ойлаудың бірлігін бейнелейтін философиялық қағидаларға назар аударылып, олардың кейінгі логикалық және когнитивтік жүйелердің дамуына тигізген ықпалы сараланды. ЖИ философиясының басты мәселелерінің бірі – компьютердің саналы әрекетке қабілеттілігі Дж. Маккарти мен Дж. Серль еңбектері негізінде талданды. Компьютер тек синтаксистік операцияларды орындайды, бірақ тілдік мағынаны (семантиканы) түйсіне алмайды. Бұл көзқарас ЖИ жүйелерінің адам ойлауындағы мағыналық және контекстуалдық тереңдікті толық қамти алмайтынын дәлелдейді. Зерттеуде табиғи тілді өңдеу (NLP) технологияларының даму кезеңдері мен олардың лингвистика, информатика және когнитивтік ғылымдар арасындағы байланысы ғылыми тұрғыда сарапталған. ChatGPT, Grok және Gemini сынды заманауи чат-боттардың қазақ тілінде мәтін генерациялау мүмкіндіктері салыстырмалы түрде талданып, олардың синтаксистік құрылымдарды құрастырудағы дәлдігі, семантикалық бірізділігі және прагматикалық икемділігі қарастырылды. Сонымен қатар ЖИ-дің қазақ тілінің морфологиялық және синтаксистік жүйесіне бейімделу деңгейі анықталып, оның тілдік нормаларға сай сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері мен шектеулері айқындалды. ЖИ-дің тіл мәдениетін дамыту, цифрлық гуманитарлық ғылымдар контексінде қазақ тілін қолдау және ұлттық тілдік ресурстарды кеңейту бағыттарындағы әлеуеті де талқыланады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 572-588
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3528
- Издатель
- Toraighyrov University