ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА: ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН КӨРКЕМ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
Мақалада қазақ әдебиеттануындағы антропологиялық парадигманың қалыптасуы мен эволюциясы назарға алынып, фольклор, жыраулар поэзиясы және ХХ ғасыр әдебиетіндегі кейіпкер бейнесінің көркем репрезентациясын зерделеу арқылы тұлға болмысының өзгерісі айқындау мақсат етіледі. Зерттеу нысанына фольклор туындылары, жыраулар поэзиясы және жазба әдебиет мысалдары алынған. Талдауды жүзеге асыруда мифопоэтикалық, психоаналитикалық, герменевтикалық әдіс ұстанымдары пайдаланылды. Талдаулар әдебиеттанудың іргелі теорияларына сай жасалып, кейіпкер, бейне, болмыс тақырыбын қарастырған ғалымдардың ой-пікірлері бағыт-бағдар болады. Фольклорда кейіпкер бейнесі ұжымдық санадағы архетиптік сипатта танылса, жыраулар поэзиясында рух тұтастығы ретінде, ХХ ғасыр әдебиетінде тұлғаның ішкі қақтығысы мен «үнсіз адам» түрінде көрінетіні ғылыми дәйектеледі. Сондай-ақ кейіпкер бейнесінің ұжымдық санадан экзистенциалды деңгейге дейінгі эволюциясы жүйеленді. Кейіпкердің кезеңдер арасындағы өзгеріс динамикасы диахронды кесте арқылы нақтыланды. Нақтыланған деректер адам болмысының антропологиялық негізіне сай жүйеленіп, көркем репрезентациясы мен зерттеу нәтижелері көрсетілді. Ұсынылып отырған тұжырым қазақ әдебиетіндегі көркем антропологияның парадигмасын теориялық тұрғыдан нақтылап, адам болмысының рухани және мәдени деңгейлерін айшықтауға бағытталған. Алынған нәтижелер әдебиеттегі адам болмысын антропологиялық, семиотикалық, психоаналитикалық әдістерді ұштастыра отырып кешенді зерттеуге мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 54-69
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3528
- Издатель
- Toraighyrov University