Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭМОЦИЯЛЫҚ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ФРЕЙМДІК-СЕМАНТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ

Соңғы жылдары семантика саласының қарқынды дамуы етістік мағынасын зерттеуді дәстүрлі формалды бағыттан когнитивтік және психолингвистикалық тұрғыдан түсіндіруге алып келді. Қазақ тіл білімінде етістіктерге қатысты жүргізілген көптеген зерттеулерде семантикалық-мағыналық топтар анықталғанымен, олардың басым бөлігі статикалық сипаттағы сөздік материалдарға сүйенген сипаттамалық талдаулармен шектеліп келеді. Мұндай тәсілдер етістік мағынасының тілдік тәжірибе, эмоциялық қабылдау, денелік сезіну және мәдени контекст арқылы қалыптасу үдерістерін толық ашып көрсете бермейді. Қазақ тіліндегі эмоциялық етістіктер зерттеу нысаны ретінде алынып, олардың семантикалық жүйесі фрейм семантикасы мен психолингвистиканың теориялық ұстанымдары негізінде кешенді түрде талданады. Зерттеу барысында «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» дереккөзіне сүйене отырып, эмоциялық мағына білдіретін етістіктер іріктеліп, олардың семантикалық құрылымы домен, жалпы фрейм, негізгі фрейм және микрофрейм деңгейлері бойынша жүйеленді. Әрбір етістіктің мағынасы эмоцияның пайда болуы, қабылдануы және тілдік түрде концептуалдану сатыларымен байланыста қарастырылды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі эмоциялық етістіктердің динамикалық сипатын айқындауға, олардың когнитивтік және психологиялық негіздерін терең түсіндіруге мүмкіндік береді. Алынған тұжырымдар қазақ тілін оқыту әдістемесінде, түсіндірме және салалық сөздіктер құрастыруда, корпус лингвистикасы мен табиғи тілді өңдеу салаларында ғылыми-теориялық және қолданбалы негіздерді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 524-539
Язык
Казахский
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University