АҒЫЛШЫН ТІЛДІ БЕЙРЕСМИ КОММУНИКАЦИЯДА ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл мақала гендерлік лингвистика аясында ерлер мен әйелдердің сөйлеу стратегияларын талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – гендерлік сөйлеу ерекшеліктерін анықтау, олардың әлеуметтік құрылымдармен, билік қатынастарымен және мәдени нормалармен байланысын көрсету, сондай-ақ гендерлік айырмашылықтардың тілдік деңгейде қалай көрініс табатынын айқындау. Теориялық бөлімде феминистік лингвистика, дискурстық талдау және әлеуметтік-конструктивистік парадигма негізінде гендер ұғымының қалыптасуы қарастырылды. Зерттеу жұмысының эмпирикалық материал ретінде ағылшын тіліндегі материалда ерлі зайыптың сұхбаты алынды. Зерттеуде сапалық, дискурстық, контент-талдау және салыстырмалы әдістер қолданылды. Нәтижесінде ерлердің сөйлеуінде нарративтік баяндау, тікелей мәлімдеме, директивтілік және бәсекеге бағытталған стратегиялар басым екені анықталды. Әйелдердің сөйлеуінде эмоционалды қолдау стратегиялары жиі қолданылатыны байқалды. Сонымен қатар теориялық еңбектерде нақты көрсетілмеген қосымша стратегиялар эмпирикалық жолмен анықталды. Зерттеу гендерлік сөйлеу мінез-құлқының әлеуметтік-прагматикалық сипатын дәлелдейді және ағылшын тіліндегі заманауи дискурсты талдауға үлес қосады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 409-424
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3528
- Издатель
- Toraighyrov University