Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ КӨРІНІСІ

Мақалада ерте заманадан бері қалыптасып, бүгінгі күнге дейін атадан балаға мирас болып беріліп, сақталып келе жатқан, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлық нормалары, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, тарихы мен шаруашылығы, рухани әрі материалдық мәдениеті мен дүниетанымы жайлы мағлұматтарды жинақтаған асыл да бай тілдік мұра – қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестері қарастырылып, олардың бойындағы ұлттық құндылықтардың көрінісі жан-жақты талдауға түседі. Ал бұл сұрыптау, саралау, сипаттау, салыстыру және лингвомәдени талдау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тақырыпты ашу барысында, алдымен, философия, әлеуметтану және тіл білімі іліміндегі ғалымдардың «құндылық» ұғымы туралы білдірген тұжырымдары сипатталып, құндылық пен құндылықтық бағдар, жалпыадамзаттық құндылық пен ұлттық құндылықтың өзара ұқсастықтары мен айырым белгілері зерделенеді. Кейін фразеологиялық бірліктер лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай отбасы құндылығы, еңбекқорлық, адамгершілік, қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, бірлік пен татулық, батырлық пен намыс сияқты топтарға жіктеліп, лингвомәдениеттанымдық қырдан сараланады. Нәтижесінде ұлттық мәдениетті, сана-сезімді, рухани құндылықтар мен халықтық дүниетанымды білдіретін тілдік бірліктер – қазақ фразеологизмдерінің әлемнің тілдік бейнесі мен әлемнің ұлттық құндылықтық бейнесін қалыптастырудағы рөлі мен орны анықталады.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 342-354
Язык
Казахский
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University