Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ҚАТЫСЫМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

Бұл мақалада қазақ мәтіндеріндегі қатысым қызметінің түрлері жинақталып, олардың тілдік көрінісі жан-жақты қарастырылады. Тілдің басты қызметі – қарым-қатынас құралы болуымен бірге, оның ақпараттық, экспрессивтік, аппелятивтік, эстетикалық және прагматикалық қырлары ғылыми тұрғыдан талданады. Мақалада мәтіннің тіл деңгейлері арасындағы орнын, басқа тілдік бірліктермен арақатынасын және мәтін лингвистикасының ұғымдары, қызметі туралы түсініктер толықтырылып берілген. Көзделген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды: 1) қатысым қызметінің теориялық негіздерін қарастыру; 2) қазақ мәтіндеріндегі қатысым қызметінің типологиясын айқындау; 3) қатысым қызметінің тілдік деңгейлердегі жүзеге асуын сипаттау. Адресаттың (ақпаратты қабылдайтын тұлға) мәтінді оқыған кездегі қабылдау ерекшеліктері сипатталып, сипаттама беріліп жіктеледі. Зерттеу кезінде түрлі жанрдағы мәтіндер алынып, соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық еңбектері мен қазіргі филология ғылымындағы зерттеу мақалалары, М. Мақатаевтың экспрессивтік, эстетикалық қызметті айқын көрсететін поэзиялық шығармалары қарастырылды. О. Бөкейдің әңгімелері, Ш. Мұртазаның шығармаларынан үзінділер, шешендік сөздер, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы мәтіндерден қатысым қызметінің қызметі зерделеніп, салыстырылды. Мақалада қатысымдық бірліктердің сөйлеу актілеріндегі қызметін Ч. Моррис тұжырымдамасымен негіздеп, Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық еңбектері, қазіргі филология ғылымындағы зерттеу мақалалар, ақпараттық, прагматикалық, экспрессивтік, эстетикалық қызметті айқын көрсететін қазіргі қазіргі қазақ мәтіндеріндегі көрінісін нақты мысалдар арқылы дәлелденді.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 325-341
Язык
Казахский
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University