ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ БАЯНДАУ КОМПОЗИЦИЯСЫ: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН КӨРКЕМДІК ТӘСІЛДЕР (А. АЛТАЙ, Р. МҰҚАНОВА, Д. АМАНТАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасындағы баяндау композициясының құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік тәсілдері А. Алтайдың «Түсік» және «Казино» әңгімелері, Р. Мұқанованың «Өзің» және «Композитор» әңгімелері, сондай-ақ Д. Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романын талдау негізінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – көркем мәтіндегі автор мен нарратор тұлғасын, баяндаудың логикалық құрылымын, автор қолданған көркемдік тәсілдердің ерекшелігін саралап, нарратологиялық призмадан зерделеу. Қазіргі қазақ прозасының стильдік ерекшеліктері мен нарративтік жүйесіне талдау жасау. Зерттеу жұмысы нарратология, поэтикалық талдау, құрылымдық-семантикалық сараптама және салыстырмалы талдау әдістеріне сүйеніп жүргізілді. Автор қазіргі қазақ прозасындағы баяндаудың көпқырлы типтерін, олардың композициялық жүйедегі қызметін, мәтіннің көркемдік тұтастығын қалыптастырудағы рөлін айқындауды мақсат етеді. Нәтижесінде, әр жазушының баяндау моделіндегі ерекшеліктері, баяндаушының позициясы, кейіпкер-сана ағымы, хронотоп пен композициялық шешімдердің жаңашыл сипаттары анықталды. Зерттеу қорытындылары қазіргі қазақ прозасының нарративтік ізденістерінде ішкі монолог, сана ағымы, полифониялық баяндау және фрагментарлық композициялық шешімдердің кеңінен қолданылатынын көрсетеді. Зерттеуде Ж. Женетт, К. Бремон, В. Шмид және т.б. зерттеуші-ғалымдардың еңбектеріндегі баяндау теориясы туралы тұжырымдар басшылыққа алынды.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 277-290
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3528
- Издатель
- Toraighyrov University