Central AsianResearch Index

ФИЛОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ «CASE-STUDY» ӘДІСІНІҢ РӨЛІ: ТӘЖІРИБЕЛІК ҮЛГІ

Филолог-студенттерді даярлаудың маңызды бағыты – олардың лингводидактикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Бұл құзыреттілікті дамытуда кейс әдісін қолдану өзекті мәселе болып табылады, әсіресе қашықтан оқыту жағдайында оның тиімділігі арта түседі. Осы зерттеудің мақсаты – филолог-мамандарды оқытатын білім беру бағдарламаларында лингводидактикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін кейс әдісін қолданудың тиімділігін анықтау және оны білім беру процесіне енгізу жолдарын негіздеу. Зерттеу барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған кейс-тапсырмалар әзірленді және олардың тиімділігі бағаланды. Материалдар ретінде әдістемелік әдебиеттер, диагностикалық тестілер және студенттерге арналған сауалнама құралдары қолданылды. Зерттеу әдістеріне талдау, синтез, абстракциялау, құрылымдау, сауалнама, эмпирикалық бақылау және диагностикалық зерттеулер енді. Нәтижелер көрсеткендей, студенттердің 93%-ы кейс әдісімен жұмыс істеуді оң бағалайды, өйткені ол ақпаратты сыни тұрғыдан талдауға, кәсіби шешімдерді негіздеуге және коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сауалнама нәтижелері кейс әдісінің студенттердің әдістемелік құзыреттілігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Студенттер жинақталған ақпараттың құрылымдалған түрде берілуін, мәселелерді шешуге арналған практикалық тапсырмалардың болуын және оқу материалының кәсіби қызметпен байланысын атап өтті. Зерттеу нәтижелері кейс әдісін филолог-студенттердің лингводидактикалық құзыреттілігін дамыту құралы ретінде қолдану қажеттілігін дәлелдеді. Сонымен қатар студенттердің пікірлері негізінде кейстерге түзетулер енгізіліп, олардың құрылымы мен мазмұны жетілдірілді. Қашықтан оқыту жағдайында кейс әдісінің қолданылуы білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, сыни ойлауын дамытатыны анықталды. Осылайша, зерттеу қорытындылары кейс әдісін білім беру бағдарламаларына интеграциялаудың өзектілігін және оның практикалық маңыздылығын растайды.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 26-39
Язык
Казахский
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University