ҚАЗАҚСТАН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ГИДРОНИМДЕРІ: ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
рансшекаралық гидронимдер – шекара сызығын кесіп өтіп жатқан су нысандары әрі тарихи-мәдени ақпаратты өн бойында сақтап, қазірге жеткен тұрақты тілдік бірліктер. Қазақстан аумағында бұндай біршама су нысандарының болуы және олардың атауларының бүгінге дейін толыққанды зерттелмеуі тақырыптың өзектілігін айғақтайды. Лингвистикалық тұрғыдан алғанда олардың трихи-мәдени негіздері, көпқабатты семантикалық құрылымы өзіне назар аударады. Мақалада трансшекаралық гидронимдердің шығу тарихы туралы пікірлер мен болжамдар талданады. Трансшекаралық географиялық нысандар бүгінде бірнеше мәдени кеңістіктерді қамтып жатқанымен, ертеректе түркі халықтары мекен еткен ландшафтта жатыр. Қазақ елінің географиялық орналасу ерекшелігін негізге алатын болсақ, шекараларды бөліп жатқан топонимдер саны көп. Сондықтан зерттеу жұмысы тиянақты болу үшін ең ірі әрі саяси-экономикалық маңызы бар су ресурстарының атауын талдаумен шектелдік. Каспий, Жайық, Іле деген гидронимдердің көне түркілік негізі, олардың көпнұсқалылығы мен трансшекаралық сипаттамасы жазылды. Тілдік және экстралингвистикалық факторлардың ықпалын ғылыми деректермен негіздеуге тырыстық. Іле гидронимінің этимологиясы туралы ғылыми болжамдарды арқау етіп, когнитивтік мазмұны туралы болжам жасадық. Зерттеу нәтижелері трансшекаралық топонимия ұғымын нақтылауға, трансшекаралық атауларды халықаралық құжаттарда біріздендіруге ғылыми негіз болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 143-156
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3528
- Издатель
- Toraighyrov University