Central AsianResearch Index

Б. СОҚПАҚБАЕВТЫҢ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» ПОВЕСІНДЕГІ КЕЙІПКЕР ТЕМПЕРАМЕНТІ МЕН ПСИХОТИПІ

Тұлға психотиптерін зерттеу және олардың көркем шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сипатына әсері әдеби мәтіндердің терең психологиялық аспектілерін түсіну үшін өзекті және маңызды міндет болып табылады. Мақалада Гиппократ ұсынған темперамент концепциясы мен Карл Леонгард жіктеген тұлғаның психологиялық типі (психотипі) қарастырылады. Берілген концепциялар бойынша Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлерге психоаналитикалық талдау жасалады. Повестегі Қожа, Жанар, Сұлтан кейіпкерлердің психологиялық портреті ашылып, тұлғалық типтері мен темпераменті анықталды. Әдеби шығармаларды психологиялық зерттеу кейіпкерлердің жасырын мотивтері мен ішкі қақтығыстарын, сондай-ақ олардың эмоционалды және психологиялық сипаттамаларын ашуға мүмкіндік береді. Кейіпкерлердің психикалық ерекшеліктерін түсіну шығарманың мәнін тереңірек түсінуге, сондай-ақ әдебиетті талдауда психологиялық білімді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мақаланың тәжірибелік бөлімінде «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлердің психотипі мен темпераментін анықтау және талдау үшін әдеби талдау, психоаналитикалық талдау және теориялық талдауды қоса алғанда, зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылды. Осы әдістерге сүйене отырып, шығарманың басты кейіпкерлері мен мінез-құлқына егжей-тегжейлі талдау жасалды, олардың психологиялық типі мен темпераменті анықталды. Зерттеу мақсаты кейіпкерлердің психотиптері мен темпераменттерін талдау ғана емес, олардың сюжеттегі және оқиғаның жалпы контекстіндегі рөлін анықтау болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 130-142
Язык
Казахский
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University