ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ ЕЛДЕРІНІҢ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА СТАТИСТИКА МЕН ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ОҚЫТЫЛУЫН САЛЫСТЫРУ
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика – күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратын және ғылымның көптеген салаларында кеңінен қолданылатын математиканың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Қазақстан мен Түркия елдерінде бұл тақырыптар орта білім беру бағдарламасының бір тарауы ретінде қарастырылады. Бұл зерттеуде Қазақстан мен Түркиядағы орта білім беру бойынша мектеп оқулықтарындағы ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика бөлімдерінің мазмұны, сондай-ақ осы тақырыптарға бөлінген оқу сағаттарының саны салыстырылады. Сонымен қатар, оқулықтарда оқу материалының ұсынылу ерекшеліктері, оның берілу әдістерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданады. Екі елдегі математика пәнінің оқу бағдарламалары мен оқулықтарын салыстырмалы талдау арқылы олардың құрылымдық ерекшеліктері, білім беру жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады. Зерттеу нәтижелері болашақта оқу бағдарламалары мен оқулықтарын жетілдіруге, оқыту әдістерін оңтайландыруға және оқушылардың математиканы меңгеру деңгейін арттыруға ықпал етуі мүмкін. Зерттеу әртүрлі елдердің математика оқу бағдарламаларын салыстыратын алдыңғы еңбектермен ұқсас болғанымен, оның ерекшелігі – білім алушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететін ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын салыстыруға бағытталуында. Кілтті сөздер: білім беру жүйесі, оқу бағдарламасы, ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика, оқулық.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 693-713
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-2661
- Издатель
- Toraighyrov University