Central AsianResearch Index

ТІЛДІК БІЛІМНЕН – ТІЛДІК БІЛІКТІЛІККЕ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ АУЫСУ

Мақалада білім беру парадигмасының «білімнен – құзіреттілікке» бағытталуы және тілді әлеуметтік әрекет ретінде тану аясында тілдік білімнен біліктілікке көшудің тұжырымдамалық негіздері қарастырылады. Зерттеу мақсаты – дәстүрлі тілдік білім парадигмасынан қатысымдық, мәнмәтіндік әрекетке бағдарланған тәсілдерге негізделген тілдік біліктілікке ауысудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау. Зерттеу нысаны – жоғары оқу орны білім алушыларының тілдік даярлық деңгейі мен оқу бағдарламаларының мазмұны. Зерттеу барысында салыстырмалы-талдамалық, жүйелеу және жіктеу, мазмұндық талдау, интерпретациялау, педагогикалық модельдеу мен сандық және сапалық талдау әдістері қолданылды. Тәжірибелік зерттеу Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 1 курс студенттері арасында (n=26) өткізілді. Нәтижесінде білім алушылардың тілдік білімді жақсы игергендері (82–88 %), ал нақты қатысымдық дағдыларының жеткілікті деңгейде дамымағаны (58–62 %) байқалды. Сондықтан қатысымдық жаттығулар, рөлдік ойындар, пікірлесімдер және жағдаяттық тапсырмалар тілдік біліктіліктің прагматикалық, әлеуметтік-мәдени компоненттерінің дамуына статистикалық тұрғыдан әсер ететіні (p<0,01; өсім 11,9 %) анықталды. Сонымен қатар тілдік, сөйлеу, әлеуметтік-мәдени және прагматикалық компоненттерден тұратын тілдік біліктіліктің құрылымдық моделі мен оны қалыптастырудың кезеңдік педагогикалық моделі ұсынылды. Қорытындыда тілдік білімнен тілдік біліктілікке көшу динамикалық, сатылы, күрделі үдеріс екендігі және бұл үдеріс қатысымдық тапсырмаларды жүйелі түрде енгізудің қажеттілігі негізделді. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында тілдік даярлықты жетілдіруге және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдістемелік шешімдер әзірлеуге ықпал етеді. Кілтті сөздер: тілдік білім, тілдік біліктілік, қатысымдық құзіреттілік, функционалдық-коммуникативтік тәсіл, рөлдік ойын, пікірлесім, жағдаяттық тапсырмалар, тілдік даярлық.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 594-609
Язык
Казахский
ISSN
2710-2661
Издатель
Toraighyrov University